Пойыздарда тұрақты интернет ұстайтын тиімді жүйе анықталды

Осы уақытқа дейін пойыздарда тұрақты интернет ұстаудың бірнеше жолы қаралды
Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пойыздарда тұрақты интернетті ұстаудың тиімді жолын тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Ростислав Коняшкиннің айтуынша, осы уақытқа дейін пойыздарда тұрақты интернет ұстаудың бірнеше жолы қаралды. Бүгінде ең тиімді жүйе анықталды.
“Ең тиімді жолы - төмен орбиталық жер серіктері арқылы тұрақты интернетті қамтамасыз ету. Мәселен, Starlink пен OneWeb сияқты жер серіктері бар. Қазіргі кезде біз OneWeb-пен келіссөздер өткіздік. Алдағы уақытта Қазақстан темір жолы олармен пилоттық жоба өткізіп көреді. Соның нәтижесінде нақты шешім қабылданады”, - деді Коняшкин мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Оның сөзіне қарағанда, министрлік OneWeb ұсынған интернеттің тарифтерін де зерделеп шығады. Тиімді тариф болса ғана пилоттық жобаны кеңінен тарататын болады.
Екі жылда интернет-алаяқтық істерінің саны 270%-ға өсті – Жоғарғы сот