АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысында Маңғыстау атом энергетика комбинатында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады жергілікті Aktau.kz порталы.
Қайғылы жағдай бүгін кешке болды, жұмысшының үстіне құбыр құлап кеткен.
Маңғыстау облысының полиция департаменті еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын растады.
Оқыс оқиға сумен, жылумен және электрмен жабдықтауға әсер етпейді, деп сендірді энергетика комбинаты.