АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. ЕАЭО-да құрылыс жұмыстарының көлемі 3,1%-ға өсті, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.
Оның үстіне өсім барлық мемлекетте байқалады. Ең жоғары көрсеткіш Қырғызстанда – 31,3%.
Сонымен қатар басқа мемлекеттер мынандай көрсеткішке ие:
Қазақстан – 10,2%;
Беларусь – 7,8%;
Армения – 3,3%;
Ресей – 2,2%.
Деректер 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтарынан қазанына дейінгі аралықты қамтып ұсынылған.