АСТАНА, 23 желтоқсан - Sputnik. Темір жол желісінің жүктемесі көп болуына байланысты Ақтау портында астық жеткізу тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің сайты.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 21-27 желтоқсан аралығында Ақтау портына астық тасымалдауды шектеді.
"Шектеу шарасы "Ақтау порты" станциясында астық тасымалдау вагондарынан жүктің уақтылы түсірілмеуіне байланысты енгізілді. Бұдан басқа, портта астық терминалдарында бос жүк вагондары жоқ", - дейді ведомстводағылар.
ҚТЖ теміржол желісінде 920-дан астам вагон немесе 60 мың тоннаға жуық астық жиналғанын айтты. Теміржолда тағы 400-ге жуық вагон немесе 26 мың тонна астық түсірілмей тұр.
"Ақтау портына жүк тиеудің шектелуіне байланысты жүк жөнелтушілерді 3-ші онкүндікте белгіленген тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін жауапкершіліктен (айыппұлдан) босату туралы ұйғарым шығарылған", - дейді агроөнеркәсіп кешені.
Сондай-ақ егер терминалдардағы орташа тәуліктік жүк түсіру артып, пойыздағы жағдай тұрақтанса, бұл тапсырыс мерзімінен бұрын жойылатыны айтылды.