АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Риддер жылу электр орталығы жұмыс істеп, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілуде, деді қала әкімі Думан Рахметқалиев.
"Кеше таңертеңгі оқиғадан кейін біз бәрін мұқият тексеруге мәжбүр болдық. Оқиға көмір жеткізу аумағында болған. Қазіргі уақытта жылу электр орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Көмірмен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілді", - деді қала әкімі.
Ол желіде жылудың біртіндеп артуы байқалатынын айтты. Ал зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі. Жағдай бақылауда, деді Рахметқалиев.
Сонымен қатар жылу электр орталығындағы апаттан ауыр жарақат алғандар Өскеменге жеткізілуі мүмкін. Риддерлік дәрігерлердің кеңесінен кейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы осылай деді. Алты науқастың барлығы есін жиды, дейді ауруханадағылар. Олар өз бетінше тыныс алуда, облыс орталығынан бригада көмекке келді.
Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсан күні таңғы сағат 4:39-да жергілікті жылу электр орталығында төтенше жағдай орын алған болатын. Жөндеу және дәнекерлеу жұмыстары кезінде ауа-газ қоспасы жарылып, нәтижесінде алты адам зардап шекті.