Камчаткада үш күн бұрын жоғалған ұшақ табылды

Камчатка тергеу бөлімі әуе көлігі қозғалысы қауіпсіздігі және пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады
Sputnik
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Камчаткада жоғалған Ан-2 ұшағы табылды, деп хабарлады РИА Новости.
Ұшақты Тундра тауы аймағында құтқарушылары бар Камчатка әуе компаниясының Ми-8 ұшағы тапты. Кейіннен белгілі болғандай, табылған үш азамат - екі ұшқыш пен бір жолаушы - Мильково ауылына, кейіннен медициналық мекемеге жеткізілген.
Ресей Тергеу комитетінің Шығыс өңіраралық көліктегі тергеу басқармасының Камчатка тергеу бөлімі РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабында (әуе көлігі қозғалысы қауіпсіздігі және пайдалану ережелерін бұзу) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.
Милково ауылы - Оссора ауылы бағытында Ан-2 19 желтоқсанда жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында үш адам болған. Шамамен, 700 метр биіктікте, Усть-Камчатка облысының Ключи ауылынан 160 шақырым жерде ұшақтан апаттық сигнал жіберілді.