Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс үш жылда Украинаға 238,5 миллиард доллар берді

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Батыс Украинаға 2022 жылдың ақпанынан биылғы жылдың желтоқсан айының басына дейін 238,5 миллиард доллар берді. Бұл дәл осы кезеңдегі ел бюджеті шығысының 90%-нен сәл ғана аз. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Мәселен, 2022-2023 жылдары Украина бюджетінің шығысы 193,3 миллиард доллар болды, ал 2024 жылға 81,3 миллиард доллар көлемінде қаржы қарастырылған. Осылайша, үш жыл ішінде шығындар 274,6 миллиард долларға жетті.
Сонымен бірге Батыс елдерінің Украинаға берген көмегі 238,5 миллиард доллар болды, бұл Украина бюджеті шығындарының шамамен 87% құрайды. Әлеуметтік шығындар үшін пайдаланылатын шетелдік қаржылық көмек 106 миллиард доллар, ал әскери көмек 132,5 миллиардқа жетеді.
Бұл ретте Батыс көмегінің көлемі уәде етілгеннен 43%-ке аз, яғни 416 миллиард емес, 238,5 миллиард доллар. Бірақ әскери жеткізілім бойынша Украина уәде етілген 176 миллиардтан 75% алды.
Украинаның үш жылдағы ең ірі доноры 95,2 миллиард доллар берген АҚШ болды, берілген көмектің үштен екісі әскери көмекке, ал үштен бірі бюджетті қаржыландыруға жұмсалды.
Еуропалық Одақ пен оның мүше елдері Украинаға 94,2 миллиард долларға қаржылық және әскери көмек берді. ЕО өзі Украинаның 40,5 миллиард долларлық бюджетін қаржыландырды, ал бірлестік мүшелері, негізінен Германия, тағы 3,1 миллиард доллар бөлді.
Мемлекеттер арасында негізінен Украинаның әскери қызметін Германия (11,9 миллиард доллар), Дания (7,5 миллиард), Нидерланды (6,3 миллиард) және Швеция (4,8 миллиард) қаржыландырды.
Үштіктің бірі - Ұлыбритания 13,4 миллиард доллар жұмсады, оның 10,8 миллиарды әскери көмекке, ал 2,6 миллиарды қаржылық көмекке берілді.
ХВҚ Украинаға 11,4 миллиард доллар несие берді, ал Канада тағы 7,8 миллиард доллар берді. ЕО елдерінен басқа он ірі донорға Жапония (6,7 миллиард доллар) және Дүниежүзілік банк (5,3 миллиард доллар) кіреді.