АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда еріктілер жылжымалы хайуанаттар бағының иесінің қызметін тоқтатуды талап етті, деп хабарлады Lada.kz.
Еріктілердің айтуынша, зообақ иесі хайуанаттарға жағдай жасамаған.
Мәселеге қатысты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтау қалалық аумақтық инспекциясы тексеру жүргізген.
"Жабайы жануарларда ветеринариялық анықтамалар, төлқұжаттар бар, олар егілген", - деп хабарлады ведомство.
Мамандар қандай да бір заң бұзушылық таппады.
Алайда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлармен жауапты қарым-қатынас саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы) кәсіпкерге 30 АЕК (110 760 теңге) дейін айыппұл салынатынын хабарлады.
Айта кетері, табиғатты қорғау прокуратурасы да жануарларды тексеруді тапсырды.
Ал бір апта өткен соң еріктілер хайуанаттар бағында тексеру жүргізілмегенін айтты.
Табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасы мен жұртшылықтан келіп түскен өтініш негізінде тексеру іс-шаралары басталды.