АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы жойды.
"Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 2 келіге жуық дайын "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.