Әлем

Германияда көлік бір топ адамды қағып кетті: 68 адам зардап шекті

Қайғылы оқиға Магдебургтегі рождестволық жәрмеңке кезінде болған
Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Германияда базарда көлік бір топ адамды қағып кетіп, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға жұма күні кешке болған. Welt газетінің жазуынша, көлікпен қағып кеткен күдікті – Сауд Арабиясының 1974 жылғы тумасы.
"Екі адам қаза тапқан, 15-і ауыр, 37-сі орташа ауыр, 16-сы жеңіл деңгейде жарақат алған", - делінген қалалық әкімшілігінің хабарламасында.
Жәрмеңке аумағы қоршауға алынды, полиция жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеруде.
Саксония-Анхальт үкіметі бұл оқиғаны теракт деп атады.
Германиядағы Ресей елшілігі жедел желі ашты, зардап шеккен ресейліктер туралы ақпарат түспеген.