АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Өткен түүнде "Самара-Шымкент" тасжолында жолаушылар автобусы бұзылып, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында тұрып қалды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
"ТЖМ қызметкерлері бқзылған автобустан жақын маңдағы Ырғыз ауылының жылыту пунктіне 52 жолаушыны, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады", - деп хабарлады министрлік.
Эвакуацияланғандардың көпшілігі – Өзбекстан азаматы және 6 адам – Тәжікстан азаматы.
Олар басқа автобуспен баратын жеріне кетті. Эвакуацияланғандарға медициналық көмектің қажеті болмады.