Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Жапония Украинаға көмек көрсетуді жалғастырады

Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Жапония Украинаға көмек көрсетуді жалғастырады және Ресейге қарсы қатаң санкцияларды сақтайды, деп мәлімдеді ел үкіметі бас хатшысының орынбасары Фумитоси Сато.
Токиода өткен баспасөз мәслихатында журналист шенеуніктен Ресей президенті Владимир Путиннің кешегі ауқымды баспасөз конференциясына үкімет атынан түсініктеме беруді сұрады. Путин "Ресейдің ұрыс даласындағы жағдайына сенімді" екенін, сонымен қатар Ресей Украинамен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан болатын.
"Президент Путиннің сіз айтып отырған мәлімдемелерінен хабардармыз. Біздің үкіметтің ұстанымы өзгермейді... Украина бойынша келіссөздерге келетін болсақ, бұл ең алдымен украин халқының қалауы болуы керек. Біздің еліміз халықаралық қауымдастықпен бірге Украинаны табанды түрде қолдауды және Ресейге қарсы қатаң санкцияларды ұстануды жалғастырады", - деді бас хатшының орынбасары.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Ресейдің Зеленскиймен қандай жағдайда сөйлесетінін айтты