Бас прокурор Ресей елшісімен кездесті

Тараптар бірлескен іс-шаралардың тиімділігін талқылады
Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі өзінің ресми Telegram каналында хабарлады.
Бас прокурор Ресей елшісін жылы қарсы алып, бас прокуратуралар мен құқық қорғау органдары, сондай-ақ мамандандырылған халықаралық құрылымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер бойынша екіжақты ынтымақтастық қарқынды нығайып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстанның бас прокуроры 2024 жылғы 25 шілдеде Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттер бас прокурорларының 22-ші кеңесі аясында ресейлік әріптесі Игорь Красновпен нәтижелі кездесу өткізгенін ерекше атап өтті.
Бас прокурор түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің отырысына қатысты