"Қазақмыс" жұмысшылары ереуілді тоқтатып, жұмысқа кірісті

Екі күндік ереуілден кейін үш кеніште және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС мыс қорыту зауытында жұмыс қайта жанданды
Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. "Қазақмыс" компаниясының кеншілері жұмыс берушімен келісімге келді.
"Жұмыс беруші тарапынан жан-жақты түсіндіру мен келіссөз жүргізудің нәтижесінде 19 желтоқсан сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Саяқ, Жайсаң кеніштері мен Жезқазған мыс қорыту зауытының штаттық режимдегі жұмысы қалпына келтірілді", - деп жазылған компанияның хабарламасында.
Ал 20 желтоқсан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша жұмыс беруші мен Шатыркөл кенішінің (Жамбыл облысы) еңбек ұжымы арасындағы нәтижелі келіссөздерден кейін тараптар еңбек шарттары бойынша ортақ келісімге келді.
Бұған дейін жұмысшылар әріптестерін қолдау мақсатында уақытша жұмысын тоқтатқан болатын.
Жезқазған кеншілеріне жалақы мәселесін шешудің екі жолы ұсынылды