АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Марат Омаров Футбол федерациясының президентін сайлау кезінде ең көп дауыс жинады.
36 жастағы Омаровтың кандидатурасын Астана футбол федерациясының қауымдастығы ұсынды. Ол 34 дауыс жинап, Алтай Даумов (2) пен Ербол Қайыровты (0) артта қалдырды.
Омаров – Йорк британ университеті мен Лондон экономика мектебінің түлегі. 2022 жылдан бастап Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметін атқарып келеді.
Еске сала кетейік, бастапқыда тізімде алты үміткер болды. Алдымен Наргис Мағау мен Ерлан Жамантаев өз кандидатурасын алып тастаса, сайлауға бір күн қалғанда Давид Лория да жарыс жолынан шығып қалды.