АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. ЕЭК штаб-пәтерінде ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов пен Қытайдың Ресейдегі Елшілігінің кедендік кеңесшісі Чжоу Вэньи арасында жұмыс баьбымен кездесті, деп хабарлады алқаның баспасөз қызметі.
"Заманауи нормативтік-құқықтық базаға негізделген жаңа цифрлық технологияларды пайдалану сауда рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетеді және "Шығыс-Батыс" және "Солтүстік-Оңтүстік" транзиттік дәліздері бойынша, соның ішінде Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" жобасын ілгерілету және оның Еуразиялық экономикалық одақпен байланысы шеңберінде жүктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді", - деді Руслан Давыдов қытайлық әріптестерімен сұхбатында.
Тараптар ақпарат алмасуды реттеу, цифрлық кеденді дамыту, заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
Интеллектуалдық кеденді, навигациялық пломбаларды және "бір терезе" механизмін пайдалануға ерекше көңіл бөлінді.
ЕАЭО мен Қытай Халық Республикасының ынтымақтастығы аясында үздік әлемдік тәжірибе мен кедергісіз транзит ескеріле отырып, кедендік инфрақұрылымды дамыту келешегі талқыланды.
Саудадағы статистикалық деректердегі сәйкессіздіктердің себептерін анықтау және азайтудың мүмкін тәсілдері қарастырылады.
Тәжірибе алмасуды кеңейтуге, ЕЭК, ЕАЭО мүше мемлекеттердің кеден қызметтері және Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы өкілдерінің қатысуымен бірлескен оқу іс-шаралары мен семинарлар өткізуге екі жақтың ниеті расталды.