АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. ЕАЭО Индонезия және БАӘ-мен еркін сауда туралы келісімге 2025 жылы қол қояды.
"Қазіргі сәтте келіссөздер аяқталып қалды", - деді Ресей экономикалық даму министрі Максим Решетников.
ЕАЭО еркін сауда аймағына бүгінде Иран, Вьетнам, Сербия және Сингапур кіреді.
Тағы бес мемлекет: Үндістан, БАӘ, Египет, Индонезия және Моңғолия осы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.