Астанада рекордты көлемде мектептер салынды

Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл басқалада ашылған мектептер саны рекордтық көрсеткішке жеткенін айтты, деп хабарлады қала әкмідігіні сайты.

"Қала тұрғындарының өсуін ескере отырып, әлеуметтік нысандарға қажеттілік артып келеді. Өздеріңіз білетіндей, біз әлеуметтік нысандардың құрылыс көлемін едәуір арттырдық. Мәселен, жаңа оқу жылында 18 мектеп салынды. Олардың 11-і Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтерді", – деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ брифингінде.

Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарда да салынып жатыр. Мысалы, желтоқсан айында Үркер тұрғын алабында жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Оқу орны екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қазіргі уақытта №69 мектеп-лицейінде балалар үш ауысымда оқиды. Осылайша, жаңа мектеп толып кету мәселесін шешеді. Балалар жаңа мектепте үшінші тоқсаннан бастап оқиды.
Қала басшысының айтуынша, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл оқу орындары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.
Астанада осы жылдың соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алдағы жылдарға да дайындық жүріп жатыр. Мысалы, 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салынып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2025 жылы Астанада қоғамдық көлік паркі 300 автобусға ұлғаяды