АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады,
© Photo : Акорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.
"Кездесуде елімізде көркем гимнастиканы дамыту перспективасы талқыланды. Президентке федерацияның қазіргі жұмысы мен алдағы жоспары туралы ақпарат берілді", - деп жазылған хабарламада.
Әлия Юсупова спорт саласындағы кейбір өзекті проблемаларға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Федерация басшысының айтуынша, балаларды гимнастикаға ерте жастан баулу үшін кешенді жұмыс атқарылуы керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев сала инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушыларды даярлау ісінде Туризм және спорт министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет екенін айтты.