Қызылордада құтқарушылар 43 адамды эвакуациялады

Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ
Sputnik
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда қаласында құтқарушылар өрт кезінде 43 адамды эвакуациялады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі
Түнде Батырбаев көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар өртенді.
"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 40 адамды, оның ішінде 13 баланы эвакуациялады және автосатының көмегімен 3 бала құтқарылды", - деп жазылған хабарламада.
Медицина және апаттар орталығының қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға көмек көрсетті.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Батыс Қазақстанда өрт кезінде балалар көпқабатты үйдің терезесінен секірген