"ҚазМұнайГаз" Қытай компаниясымен серіктестікті нығайтады

CNPC президенті Хоу Цицзюнь "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновты қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық "ҚазМұнайГаз" мұнай-газ компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасеновті CNPC басшысы Хоу Цицзюнь қабылдады.
"Әңгімелесу барысында тараптар геологиялық барлау, мұнай өндіру тиімділігін арттыру, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын кеңейту және мұнай-химия жобаларын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады", - деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
CNODC (CNPC еншілес кәсіпорны) бірлескен жұмыс аясында Каспий бассейнінің шығыс жағында жаңа аумақтар зерттелуде. Пайдасы төмен және алынуы қиын мұнай-газ кен орындарында мұнай беру коэффициентін арттыруға бағытталған ғылыми-техникалық әзірлемелер қаралды. Мұнай алудың жетілдірілген технологияларын сынау үшін кен орындары анықталды.
Компания басшылары Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жыл сайын 6 миллионнан 12 миллион тоннаға дейін кеңейту жобасын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ жобалық қуаты жылына 1 миллион тонна, құны шамамен 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын "Карбамид" (азот тыңайтқышын өндіру) жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі де қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобалардың сәтті жүзеге асатынына және ҚМГ мен CNPC арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығаятынына сенім білдірді.
Биыл елімізде 17,9 млн тонна мұнай өңделеді – үкімет болжамы