АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Зеленский сайлауға түсіп, заңды құқыққа ие болған жағдайда ғана Ресеймен сөйлесе алады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин тікелей байланыс кезінде мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Егер сайлауға барып, легитимділікке ие болса, біз кез келген адаммен, соның ішінде Зеленскиймен де сөйлесеміз. Бірақ қазір Украина шынымен де бейбіт реттеу жолымен жүргісі келсе, олар бұл процесті Украинаның ішінде өздері қалағандай ұйымдастыра алады, біз тек заңды адамдармен ғана құжаттарға қол қоя аламыз", - деді Владимир Путин.
Сонымен қатар ол Ресейде Украинамен келіссөздерді бастау үшін алғышарттар жоқ екенін айтты.
"Енді келіссөздерді бастау шарттарына келсек, бізде ешқандай алғышарт жоқ", - деді Путин Мәскеу Киевпен келіссөздерді қандай жағдайда бастауға дайын деген сұраққа жауап беріп.