Кеденде 75 млн теңге пара алған қызметкер сотталды

Бұрынғы кеден қызметкері 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 желтоқсан – Sputnik. Грузиядан экстрадицияланған Батыс Қазақстан мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкері сотталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Ол аса ірі мөлшерде пара алған деп айыпталды. Қылмыстық істі Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
"Сотталушы 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстант - Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көлік құралдарын кедергісіз өткізгені үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алған", - дейді ведомство.
Сотталған қызметкер мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, сотталушыдан пара сомасы өндірілген.
Қоғам
Атыраулық шенеунік 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді