АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Ресей экономикасы екі жыл ішінде 8 процент шамасында өсті, деп мәлімдеді ел президенті Владимир Путин.
Оның айтуынша ешқандай сыртқы қауіп-қатерлерге немесе оған ықпал ету әрекеттеріне қарамастан, Ресей экономикасы жақсы дамып келеді.
"Біз өткен жылы Германияны, биыл Жапонияны басып оздық. Бірақ бұл бізді қалғытып-мүлгітіп, көңілді жайландыратын көрсеткіш емес. Біз осы қарқынды сақтап, экономикамыздың сапасын өзгертуіміз керек", - деді Путин тікелей байланыс кезінде.
Өнеркәсіптің өсуі – 4,4%. Инфляция дабыл қағарлық межеге жетті, қазірдің өзінде 9,2-9,3%. Бірақ жалақы 9%-ке өсті. Жалпы жағдай тұрақты және сенімді, деді президент.