АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Ресей үшін егемендік ерекше маңызды, өйткені ол жоғалса, мемлекеттілік жоғалады, деді Ресей президенті Владимир Путин.
"Әртүрлі егемендік бар, соның ішінде қорғаныс, технологиялық, ғылыми, білім беру, мәдени болуы мүмкін. Бұл өте маңызды. Бұл біздің еліміз үшін өте маңызды, өйткені егемендігімізді жоғалтсақ, мемлекеттігімізді жоғалтамыз", - деді Путин баспасөз конференциясымен біріктірілген тікелей байланыс кезінде.