Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский НАТО-ға кезекті талап қойды

Sputnik
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Владимир Зеленский НАТО-дан Украина альянсқа кірмегені үшін өтемақы ретінде уәде етілген әуе қорғаныс жүйелерін талап етті. Бұл туралы ол Telegram арнасында жазды, деп хабарлады РИА Новости.
"Ашығын айтқанда, серіктестеріміз біледі: бізге тағы 12-15 жүйе қажет. Бұл шынайы. Ең бастысы, әріптестеріміздің саяси ерік-жігері", - деді ол.
Зеленский Батыс Украинаны НАТО-ға шақырудың мүмкін еместігін мойындағаннан кейін қажетті әуе қорғаныс жүйелерін жеткізуге уәде еткенін айтты.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның альянсқа кіру мүмкіндігі Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеген.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Рютте НАТО-ның Украинаға қатысты жоспарын атады