АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қарабақтағы алғашқы шетелдік инвестициялық жобаны Татарстан жүзеге асырды, деді Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.
"Инвестициялық жобалар бар, айтпақшы, бұл Татарстан басшысы екеуміз ашқан "КАМАЗ" сервис орталығын Татарстан жүзеге асырды", - деді Әлиев ВГТРК мен РИА Новостиге берген сқхбатында Әзербайжаннан азат етілген аумақтарға инвестиция салу мәселесіне түсініктеме бере отырып.
Ол Қарабақтағы алғашқы шетелдік инвестициялық жобаның ресейлік екенін түсіндірді.
"Сондықтан біз инвестиция күтеміз, сонымен қатар мердігерлер келсе де қуана қарсы аламыз", - деді Әзербайжан басшысы.