Әзербайжанға атом электр станциясы керек пе – Әлиев жауап берді

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев елге атом электр станциясы керек пе деген сұраққа жауап берді.
Әлиевтің айтуынша, елге атом электр станцияы керек немесе керек емес деп кесіп айту қиын.
"Әзербайжандағы табиғи газдың дәлелденген қоры 2,6 триллион текше метр деңгейінде. 30 жыл ішінде біз игеріп жатқан мұнай кен орнының қоры бойынша, жаңа есептелген қорлар бойынша 500 миллион тоннадан 1,5 миллиард тоннаға жеткенін ескерсек, біздің газ және газ конденсаты кен орындары туралы да шамамен осылай айтуға болады", - дейді Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.
Әзербайжанның он жыл бұрынғы болжамды қоры 2,6 триллион болған.
"Мұндай әлеует көлемімен және экспорт көлемі 25 миллиард текше метр болса, бізге қосымша энергия көздері қажет емес екені анық. Оған қоса, Қарабақ пен Шығыс Зангезурде соңғы үш жылда біз жалпы қуаты шамамен 300 мегаватт шағын су электр станцияларын құру жобаларын іске асырдық, ал екі жылдан кейін бұл 500-ге жетеді", - дейді президент.
Сондай-ақ Әзербайжан шетелдік инвестиция арқылы күн және жел энергетикасын белсенді дамытып жатыр.
"Дүниежүзілік банктің жел энергиясының бір ғана Каспий теңізіндегі болжамды қоры 157 мың мегаватт құрайды. 2030 жылға дейін қол қойылған, іске қосылған келісімшарттар бізге 6 мың мегаватт береді. Бұл атом электр стансасы керек пе деген сұраққа жауаптың бір бөлігі", - дейді Ильхам Әлиев.