АСТАНА, 17 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда ескерткіштерді орнату ережесі өзгерді.
Мысалы, ескерткіш орнату үшін көрнекті тұлға қайтыс болған күннен бастап кем дегенде 5 жыл өтуі керек. Бұл мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға ерекше елеулі үлес қосу және (немесе) маңызды тарихи оқиға жасау жағдайларын қоспағанда.
Ескерткіштерді, стелалар мен бюсттерді жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет немесе өзге де көздер есебінен қояды. Бұл ретте, бір елді мекенде бір көрнекті тұлға немесе маңызды тарихи оқиғаға бір ескерткіштен артық орнатылмайды.
"Байқау негізінде арнайы комиссия үздік жұмыстарды таңдайды. Құрылыстың жұмыс жобасы сапалы шығармашылық орындау, портреттік ұқсастықты ашу және тарихи оқиғаның көрінісі үшін қарастырылады", - деп жазылған жаңартылған ережелерде.
Ескерткіштерді орнату туралы мәліметтер Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығында жазылған.