Нысанбаев Семей орманын қалпына келтіруге қаржыны қайдан алатынын айтты

Көшеттер кесілген ағаштан түскен табыстың есебінен отырғызылады
Sputnik
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Семей орманын қалай қалпына келтіретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, өртенген 6 млн текше метр ағаштың бар-жоғы 15-20 проценті іске жарамды.
"Ғылыми негіздемесі солай. Енді біз ағаш отырғызу бойынша жұмыс жобаларын жасадық. Көшеттері дайын, 120 мың текше метр орманды кестік. Бүгінгі таңда орта есеппен мың гектардай жер ашылды. Сол жерге келесі жылдан бастап ағаш отырғызу жұмыстарын бастаймыз",-деді Нысанбаев үкіметте өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, құмдауыт жерде бір гектарға 7 800 көшет егіледі.
"Оның барлығы кесілген ағаштан түскен табыстың есебінен отырғызылады", - деп түйіндеді Нысанбаев.
Айта кетері, былтыр әлем бойынша Канада мен Қазақстанда ғана қалған қарағайлардың 60 мың гектары – Семей орманының 10 проценті күлге айналды. Тілсіз жаумен күрескен 14 орманшы қаза тапты. Олардың сүйегі бірден берілмеді, ДНК-сараптама жасауға тура келді.
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы өрт: қаза болған орманшылардың туыстары жанайқайын жеткізді