АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Астанада ет өнімдерін сататын екі заңсыз кәсіпорын анықталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкер жерасты сою цехы үшін үй-жайды жалға алған.
"Онда күн сайын ақшалай төлем алатын алты адам заңсыз жұмыс істеген. Күмәнді еттің құжаты да болмаған. Дайын өнім Қазақстан өңірлеріне таратылған", - дейді ведомство.
Дәл осындай тірлікпен айналысқан тағы бір адам анықталды.
"Қаланың жергілікті тұрғыны өз үйінің ауласында заңсыз ет саудасын ұйымдастырған. Өнімде құжаттар да, ветеринарлық белгілер де жоқ", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта тәркіленген еттің сапасын тексеру үшін сараптама жасалып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.