Ақтауда пара алды деген күдікке ілінген судьяның ісі сотқа жіберілді

Ол алаяқтық жасады және сотталушыны пара беруге итермеледі деп айыпталуда
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ақтау қалалық сотының экс-төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеу аяқталды.
"Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда", - дейді ведомство.
Биыл 5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берген.
Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды - видео