АҚШ-та мектепте атыс болып, үш адам көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың Висконсин штатының Мадисон қаласындағы христиан мектебінде атыс болып, кемінде үш адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған.
"Үш адам, соның ішінде оқ атқан адам көз жұмды. Оқ атқан15 жасар Натали Рэпноу екені анықталды, ол өзін Саманта деп те атады. Ол сол мектепте оқитын. Жасөспірім жергілікті ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмды, мұғалім мен оқушылар оқиға орнында қаза тапты", - деді полиция басшысы.
Қаза тапқандардан басқа, алты мектеп оқушысы мен бір мұғалім жарақат алды. Жарақат алған екі оқушының жағдайы ауыр.
Детективтер оқ атқан адамның отбасы мүшелерімен сөйлесіп, оның үйін тінтті. Қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталуда.
Сербияда оқушы мектепте оқ жаудырды: 9 адам көз жұмды