Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды

Sputnik
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласына жаңа әкім сайланды, деп хабарлайды Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.
15 желтоқсанда Талғар қаласының әкімін сайлау өтті.
"Сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізілді. Дауыс беруге 12 875 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 24 қатысты", - деп жазды сайлау комиссиясы.
Талғарға әкім болуға үш адам ниет білдірген:
Арыстанбек Әбілқайырұлы - 9071 дауыс,
Жәнібек Қаденов 1875 дауыс,
Әлібек Рамазанов 1140 дауысы жинады.
"Барлығына қарсы" белгісі бар бюллетеньдер саны - 182.
"Сайлау қорытындысы бойынша Талғар қаласының әкімі болып Арыстанбек Әбілқайырұлы сайланды. Ол 1983 жылы туған, "Талғар тұрғын үй" ЖШС -нің директоры болып қызмет етеді, Талғар қаласында тұрады", - деп хабарлады аумақтық сайлау комиссиясы.
Еске сала кетейік, Талғарда Шерзат Полаттың өлімінен кейін бірнеше басшы қызметінен босады.
Талғар қаласының әкімі қызметінен босатылды