Астаналық мәслихат депутаттары құттықтау челленджін бастады

Sputnik
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Астана мәслихатының депутаттары Тәуелсіздік күніе орай қазақстандықтарға арналған құттықтау челенджін бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың ресми Telegram сілтеме жасап.
Мәслихат депутаттары халықтың бірлігі, бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
"Жылдар өте келе, бүгінде біз өз еңбегі мен бірлігімен жарқын болашақты құратын халқымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік – бұл еркін болу құқығы ғана емес, болашақ ұрпақ үшін үлкен жауапкершілік. Осы ұлы құндылықты сақтау әрі ұлықтау – біздің ортақ міндетіміз", - дейді мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.
Астаналық депутаттар құттықтау челленджін Қазақстанның басқа облыстарындағы әріптестеріне жолдап, оны жалғастыруға үндеді.
Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды