АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Ақтөбелік полиция қызметкері ММА-дан әлем чемпионатында техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Чемпионат Индонезия астанасы Джакартада 10-14 желтоқсан аралығында өтті. Жарысқа 66 елден 920 спортшы қатысқан.
"Турнирде 79 келі салмақ дәрежесінде Ақтөбе облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Айдын Төлепбаев бақ сынады. Тәртіп сақшысы Тонга, Пәкістан және Австралия спортшыларын жеңіп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Финалда қазақстандық спортшы Өзбекстан елінің өкілі Ұлықбек Рахмановпен кездесті", - деп хабарлады полиция.
Айдын Төлепбаев қарсыласын техникалық нокаутқа түсіріп, әлем чемпионатында жеңіске жетті.