АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша үкіметаралық комиссия құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл республикалық референдумда қазақстандықтардың басым бөлігі АЭС құрылысын қолдады.
"Қазіргі уақытта Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының маңында 2-ден 2,8 ГВт-қа дейінгі атом электр станциясының құрылысы қаралуда, сондай-ақ ядролық технологияның әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілуде, үкіметаралық комиссия құрылды, ол барлық вендордың ұсыныстарын бәсекелестік негізде қарайды", - дейді министрлік мамандары.
Ал баламалы энергия көздерін және газ генерациясын енгізудің нәтижесінде көмірдің үлесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік болады. Осылайша, 2035 жылға қарай көміртек қалдықтарының көлемі жылына 44 млн. тоннаға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу керек.