АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Жетісу облысының Алакөл ауданында Көктұма стансасына жақын жерде жолаушылар мінген жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды.
"Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен алты адамды Ақши ауылына эвакуациялады. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі жол қозғалысын шектеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында "Төтенше ақпарат" тарауынан табуға болатынын еске салды.