Қосшыдан келетін жолда кептеліс болуы мүмкін – Астанада негізгі көше ішінара жабылады

Бұл жолмен Қосшы тұрғындары қалаға келеді
Sputnik
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation System (CTS) компаниясына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, желтоқсанның 14-нен 30-на дейінгі аралығында LRT желісінің №105 станциясында қаңылтыр қоршауларды демонтаждау жүргізіледі.
"Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының "Астана Жұлдызы" аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесі бағытындағы бір жолағы 100 метрге ішінара жабылады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - дейді компания мамандары.
Айта кетері, бұл жолмен Қосшы тұрғындары қалаға келеді. Сондай-ақ, әуежайдан және Тұран даңғылымен айналып келетіндер өтеді.
Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты жол жабылды