АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. ЕАЭО мен Никарагуа сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда.
Мәскеуде ЕЭК интеграция және макроэкономика бойынша алқа мүшесі Эльдар Әлішеров пен Никарагуа Республикасы президенттің кеңесшісі Лауреано Ортеганың тең төрағалығымен ЕЭК пен Никарагуа үкіметінің өзара іс-қимылы жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
"Никарагуадағы Еуразиялық іскерлік миссияның қосылуымен 2025 жылы Манагуадағы жұмыс тобының келесі отырысын өткізуге қызығушылық айтылды. Сондай-ақ, келешекте ЕАЭО елдерінің және Никарагуаның негізгі бизнес-қауымдастықтарымен байланыс арналарын нығайтуға мүмкіндік беретін тиісті салалық меморандумға қол қою ұсынылды", - деп хабарлады ЕЭК.
Осылайша бірлескен жұмыс тобының келесі отырысын Никарагуадағы еуразиялық іскерлік миссияны тарта отырып, Никарагуа астанасы Манагуа қаласында өткізу жоспарлануда.