Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс көшбасшылары Украинаға әскер жіберу мәселесін талқылайды

Брюссельдегі еуропалық көшбасшылардың кездесуі 18 желтоқсанға жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Владимир Зеленский қатысуға шақырылған Брюссельдегі еуропалық көшбасшылардың кездесуінде Украинаға Еуроодақ әскерін жіберу мәселесі талқыланады, деп хабарлайды Politico. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Еуропа көшбасшылары Владимир Зеленскиймен және НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бейбіт жоспарларды және Украинада бітімгершілік күштерді орналастыру мүмкіндігін талқылауды жоспарлап отыр", - делінген материалда.
Басылымның хабарлауынша, алдағы сәрсенбіде, 18 желтоқсанда өтетін кездесуге Германия канцлері Олаф Шольц, Франция президенті Эммануэль Макрон, Польша президенті Анджей Дуда, Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен және НАТО бас хатшысы Марк Рютте қатысады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамптың командасы Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы келіссөз жүргізді – NBC