Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамптың командасы Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы келіссөз жүргізді – NBC

Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың кеңесшілері Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты тоқтату жолдарын табу үшін қазіргі Америка әкімшілігі мен Украина басшылығының өкілдерімен келіссөз жүргізді, деп хабарлады NBC News ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Айтуларынша, болашақ президенттің командасы, оның ішінде әкімшіліктегі негізгі лауазымдарға үміткерлер Киевке әлі ешқандай тұжырымдамалық немесе нақты жоспар ұсынбаған.
Трамптың өзі де жақында Time журналына берген сұхбатында ешқандай мәліметті ашып айтпады. Ол Украинаға көмек көрсетуді Ресейге қысым жасау тетігі ретінде пайдалануды жоспарлап отырғанын атап өтті.
АҚШ-тың сайланған президенті 20 қаңтарда қызметіне кіріседі.
Бұған дейін Трамп Джо Байденнің орнына президент болғанымда Украинадағы қақтығыс ешқашан басталмайтын еді деп айтқан болатын. Сондай-ақ ол қайта сайланса, Ресей мен Украина арасындағы жанжалды бар болғаны 24 сағатта шешуге ниетті екенін мәлімдеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың сөзіне түсініктеме бере отырып, бұл қақтығыс бір күнде шешіле салмайтын тым күрделі мәселе екенін айтты.