Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға алынған нысандарда полиция нарядтары көбейтілді
Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. 14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлады Polisia.kz.
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.
"Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға алынған нысандарда полиция нарядтары көбейтілді", - деп жазылған хабарламада.
Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді.
Ішкі істер министрлігі іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.