Ақтауда екі баланың өліміне кінәлі жүргізуші сотталды

Сотта айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындап, бас бостандығынан айырмауды, басқа жаза кесуді өтінді
Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Ақтауда екі қыздың өліміне себепші болған жүргізушіге үкім шықты. Үкімді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі жариялады.
Toyota Camry жүргізушісі қыркүйекте жаяу жүргіншілер жолында 2008 және 2022 жылы туған қыздарды қағып кеткен. Екеуі де облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Сотта айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындап, бас бостандығынан айырмауды, басқа жаза кесуді өтінді. Ал жәбірленуші тарап қатаң жазалауды сұрады, деп хабарлады Лада.
Сот жүргізушіні жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа жүргізушіден 1 867 375 теңге моральдық шығын өндіріп берді.
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі адамдарды қағып кетті