АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига жұма күні ел нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты Батыстан Украинаға жедел түрде 20 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жеткізу қажеттігін еске салды, деп жазды РИА Новости.
Сибига Батыс одақтастарынан Киевке кем дегенде 20 қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін беруді сұрады.
"Мен 20 NASAMS, HAWK немесе IRIS-T әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жедел жеткізуге шақырамын", - деп жазды Сибика X әлеуметтік желісінде.
Ресей Қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін екі күннен кейін бастады. Елдің барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы беруде. Бұл ретте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік әскер тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымға шабуыл жасамайтынын мәлімдеді.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізу ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей қатысып отыр.