Қызылордада жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлеген әйел сотталды

Сотталушы жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұра, бопсалау арқылы оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Sputnik
АЛМАТ, 13 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысында жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлегендердің бірі 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі 2) тармағы) "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту", сондай-ақ ҚК 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағы) "Сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену" фактілері бойынша қаралды.
"Сотталушы жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұра, бопсалау арқылы оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Сондай-ақ бірнеше рет жәбірленушілер К., О., К.Г., Д.-лардың сеніміне қиянат жасап, жер телімдерін бір мезгілде бірнеше тұлғаға сатып, облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық әрекеттерге барған", - дейді ведомство.
Сот оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
"Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 134-бабының 3-бөлігінің 2) тармағында және ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазды сот.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.