Перизат Қайраттың дүние-мүлкіне шектеу қойылды

Sputnik
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдіккі ілінді.
"Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" (тұрақ орындарын қоса алғанда), "Sensata Plaza" ТК, сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері арестке қойылды", - делінген хабарламада.
Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді.
Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. Тәркіленген заттар бойынша сол анықтайтын болады. Тергеу жалғасып жатыр.
Перизат Қайратқа қатысты тағы бір жемқорлық факт анықталды