Отырысқа Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып отыр.
Бақылаушы мемлекеттерден – Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Арипов пен Куба Республикасының премьер-министрі Мануэль Круз (бейнебайланыс форматында).
Еуразиялық үкіметаралық кеңеске мүше елдер өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперация жобаларына қаржылық көмек көрсету механизмін іске асыру және оларды іріктеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу мәселелерін, ЕАЭО-да электронды коммерцияны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелерін, салық көп салынатын тауарларды кедендік декларациялау мониторингі туралы есепті, сондай-ақ 2023 жылғы газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы есептерді қарайды.