ЕАЭО елдерінің ынтымақтастығы сын-қатерлерге қарамастан кеңеюде – Мишустин

Бірінші қаңтарда Еуразиялық экономикалық одаққа он жыл толады
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің ынтымақтастығы сыртқы сын-қатерлерге қарамастан кеңейіп келеді, деп хабарлады РФ премьер-министрі Михаил Мишустин жұма күні Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.
"Бірінші қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтың он жылдығын атап өтеміз. Осы уақыт ішінде біздің ынтымақтастығымыз әр түрлі сыртқы қиындықтарға қарамастан үнемі кеңейіп келеді", - деді Мишустин.
Мишустин ЕАЭО елдері одақтың интеграциялық әлеуетін қатысушы елдердің экономикасын нығайту, "бестіктің" барлық мемлекетіндегі өмірді жақсарту үшін толық көлемде аша алатынына сенім білдірді.
Астана мен Мәскеу ЕАЭО аясында жемісті жұмыс істеп жатыр – Тоқаев