Астанада ұрының кесірінен бірнеше тұрғын үй кешені жарықсыз қалды

Оқиға орнында төрт бригада жұмыс істеп жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Астананың сол жағалауында әлдекім қосалқы станцияның кабелін ұрлап әкетті, салдарынан алты тұрғын үй кешені электр энергиясынсыз қалды.
Атап айтқанда "Арайлым", "Премиум", "Новый мир", "Нұрсая", "Парковый", "Дипломат", сондай-ақ Қонаев көшесіндегі екі әкімшілік ғимаратта жарық сөнді.
"13 желтоқсанда "Шұбар" қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтары ажыратылды. Оған кабель желісінің ұрлануы себеп болды", - делінген "Астана РЭК" хабарламасында.
Оқиға орнында төрт бригада жұмыс істеп жатыр.
Ұры алыстан келмепті: Елордада студенттердің кеші көңілсіз аяқталды